Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 25,8 млрд.теңге, немесе 101,8% (2023 ж. – 17,8млрд. теңге, НКИ 100,5% )
Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 50,4 млрд.теңге, немесе 66,6% (2023 жылы –81,4 млрд. теңге, НКИ 94,0%)
Инвестиция көлемі – 47,1 млрд теңге, немесе 94,5%, (2023 ж – 48,5 млрд.тенге, НКИ 140,5%)
Құрылыс жұмыстары – 30,8 млрд.теңге, немесе 68,6%, (2023 ж – 40,1 млрд.тенге НКИ 136,2%)
Тұрғын үй көлемі – 24 920 ш.м. немесе 102,5%, (2023 жылы –23 687 м2, НКИ 101,1%).
Сауда айналымы – 19,5 млрд теңге, немесе 109,5%, (2023 жылы –16,9 млрд, НКИ 119,5%).
Аудан бюджетінің кіріс бөлігі бойынша 12,2 млрд. теңге түсіп 106,8%-ға орындалды (2023 жылы 17,8 млрд. тг, 116,4%).
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша 10,7 млрд. теңге немесе 94,6%-ға орындалды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 47,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 94,5%-ды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5% немесе 1,3 млрд теңгеге кем орындалды (2023 ж – 48,5 млрд. тг).
Оның ішінде: Жеке инвестиция көлемі 39,1 млрд.теңге немесе 91,1% (2023 ж. 42,1 млрд. НКИ 159,4%).
Себебі: «Қазақмыс Корпорациясы» Шатыркөл-Жайсан кластеріндегі жаңа байыту фабрикасының құрылысына 2023 жылдың 9 айына 30,0 млрд.теңге инвестиция салынған, ағымдағы жылы 21,5 млрд.теңге инвестиция салынған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша
Шу ауданында 2019 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд.теңгеге несиелендірілді.
Тұрғын үй
Бүгінгі күнге Шу ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі тұрғын үй мәселесі. Ауданда тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта 1747 адам тіркелген. (Жетім балалар, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар). Соңғы 30 жылдам астам уақыт бойы аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген.
Тек 2018 жылы Шу қаласындағы Жетісу мөлтек ауданында бос тұрған 75 пәтерлік тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Аталған аудандағы қалған бос тұрған 4 көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті кәсіпкермен келіссөз жүргіздік. Бүгінгі күнге сейсмикалық сараптамадан өткізіп, аудан тұрғындарына қолданысқа беру жұмыстарын жасаймыз.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкермен өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй, ел игілігіне берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі - тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.
Одан бөлек, өткен жылы, тұрғын үй сатып алу бюджеттік бағдарламасы аясында кезекте тұрған 60 азамат баспаналы болса (576 млн.теңге), ағымдағы жылы 100 азаматқа (1 421,0 млрд.теңге) баспана кілтін табыстау жоспарда.
Бүгінгі күнге 20 үй - тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табыс етілді.
Білім
Ауданда 114 білім мекемесі бар (47 мектеп, 37 балабақша (оның ішінде мемлекеттік-23, жеке мекшік-14), 4 коледж, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).
2024 жылға 1 жаңа құрылыс (Жиенбет а. 100 орындық м), 4 жапсарлас құрылыс (Шу қ. Ғ. Мұратбаев, Төле би а. С.Шәкіров, Шоқпар а. М.Дулати, Еңбекші а. Еңбекші орта мектептері), 2 күрделі жөндеу (Шу қ. Макаренко о.м. 574,4 млн, Тасөткел а. Ш.Мұртаза о.м 359,6 млн) қолдау тауып, бүгінгі күнге мердігерлері анықталған, құрылыс жұмыстары бастау алуда.
Шу қаласындағы А.С.Макаренко о.м. мен Тасөткел ауылындағы Ш.Мұртаза орта мектептерін қараша айында пайдалануға берілуге жоспарлануда.
Мәдениет
48 мәдени ошақтары бар (21 мәдениет үйлері мен клубтар, 25 кітапхана, 1 мұражай, 1 мұрағат).
2 ауылдық клуб апатты жағдайда болса (Ақсу, Далақайнар), 5 клуб ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол). Осы 7 жобаның барлығы құрылыс қажет етеді.
Бүгінгі күнге жалпы 5 жоба (сараптама қорытындысы алынғаннан кейін, жобаның жарамдылық мерзімі 1 жыл) дайын.
(Ақсу, Далақайнар, Жаңа жол Белбасар, Ақтөбе)
Жолдар
Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды.
Республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым,
Облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым,
Аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырымды
Ішкі көше жолдары 543 шақырым.
2024 жылы 28 жоба (92 көше) 65 шқ (құны 2,0 млрд. теңге) жол жөндеу жұмыстары жоспарланып, аяқталды.
Аудандық маңызы бар 17 жолдың 4 жолына (10 шқ) жөндеу жұмыстары жүргізілді. (құны 436,7 млн.теңге)
ҚОРДАЙ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАШАН ҚАМТЫЛАДЫ?
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024