Осы бағытта Жамбыл облысы көбірек инвестицияларға назар аударады.Жаңартылатын энергия көздері нысандары облыста 2010 жылдан бері дамып келеді,- деп хабарлады Ғалым Исабайұлы.
2010 жылы қуаты 2 МВт құрайтын 2 ЖЭК нысандары пайдалануға берілсе, 2015 жылы қуаты 114 МВт құрайтын 9 нысан, 2021 жылы қуаты 387,8 МВт құрайтын 17 нысан, 2022 жылы қуаты 451,3 МВт құрайтын 21 нысан және 2024 жылы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 нысанға жеткізілді.
Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 22 нысаны жұмыс істейді, оның ішінде:
- 6 су электр станциясы қуаты 24,4 МВт;
- 10 жел электр станциясы қуаты 275,65 МВт;
- 6 күн электр станциясы қуаты 271,25 МВт.
Қазақстанда барлығы 2 903,7 МВт қуаттылығымен 148 жанартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істейді.
Атап айтқанда, 2021 жылы өңірдегі ірі жобалардың бірі құны 49 млрд. теңге құрайтын қуаты 100 МВт «Жаңатас» жел электр станциясы пайдалануға берілсе, қуаты 9,2 МВт құрайтын «Тасөткел» су қоймасындағы су электр станциясының 2-ші кезегі іске қосылды.
2022 жылы Жамбыл ауданындағы қуаты 50 МВт «AEC ASA» күн электр станциясы және Талас ауданында жалпы қуаты 13,5 МВт құрайтын «Шенгелді», «Шенгелді-2» және «Новатэкс ЖЭС» 3 жел электр станциясы (әр қайсысының қуаты 4,5 МВт) жобасы іске асырылды.
2024 жылдың қаңтар айында Сарысу ауданында жалпы қуаты 100 МВт құрайтын «Шоқпар ЖЭС» электр станциясы жобасының құрылысы аяқталып іске қосылды.
Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің саны 2,5 гигаватт қуатымен 28 нысанға дейін жеткізілетін болады. Жалпы алғанда, белгіленген барлық жобаларды іске асыру экологияға зиян келтірмей, өңірді сапалы электр қуатымен жабдықтауға және облысты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.