Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Құрылыс саласында 282 жоба жүзеге асуда

Құрылыс саласында 282 жоба жүзеге асуда
ашық
Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 117,8 пайызға орындалды (жоспар 110,2 %). Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Басқосуда облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев жо спарланған жұмыстардың барысы мен саладағы өзекті мәселелер туралы баяндама жасады.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында 282 жобаның құрылысы жүруде. Биыл 201 нысан, қалған 81-і келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінге дейін 71 нысанның құрылысы аяқталды.

10 айдың қорытындысы бойынша 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (жоспар 750,0 мың шм). Өңірде 2 909 пәтерлі 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, 14-шағынауданда 800 пәтерлі 22 әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Биылғы жылдың қорытындысына сәйкес 2 749 пәтерлі 54 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілетін 354 пәтер сатып алынады. Сонымен қатар, «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен жекешелендіру құқығымен жалға берілетін 1 221 пәтер сатып алу көзделген. Жалпы, биыл сатып алу тетігі арқылы 1 575 осал топтағы азаматтар арендалық тұрғын үймен қамтылады. Былтырғы жылмен салыстырғанда пәтер 2 есеге (2023 – 864 пәтер), ал қаражат көлемі 3 есеге (2023 – 7,8 млрд., 2024 – 23,2 млрд) артты.

Сонымен бірге, 82 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысына 13,7 миллиард теңге қаржы қаралған.

Ербол Қарашөкеев биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығына тоқталып, өз міндеттерін орындамаған, олқылықтарға жол берген мердігерлерге заң аясында қатаң шаралар қабылдауды ескертті.

Аудан әкімдерінен тұрғындарға арналған баспаналарды сатып алу шараларын жеделдетуді талап етті.

Басқосуда Тараз қаласы мен аудан әкімдері қолға алынған құрылыс жұмыстарының қарқыны бойынша есеп берді.

Аппараттық кеңесте «қызыл сызық» құрылыс нормасының сақталуы туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев баяндама жасады.

Ербол Қарашөкеев аталған мәселе бойынша жауаптыларға жұмысты жүйелеп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар