Өтініштердің басым көпшілігі Call-орталыққа хабарласу арқылы түскен. 501 120 қоңырау қабылданған. Қалған өтініштер WhatsApp месенджері- 3 427 өтініш, Instagram – 1 735 өтініш, Telegram чат боты - 81 өтініш, Facebook - 53 өтініш және «Aikey» мобильді қосымшасы - 25 өтініш түскен.
«Jambyl 109» қызметіне күніне 250-300 қоңыраулар қабылдауда.
Мекеме ережесіне сәйкес өтініштер адам өміріне қауіптілігі мен қажеттілігіне байланысты орындалу мерзімдері бар. Мысалы, ашық құдықтар мәселесін жабуға 1 күн ғана беріледі. Бұдан бөлек, шағымдар мен ұсыныстарға 7 мен 15 күнге дейін мерзім қарастырылған.
Сондай-ақ, өтініштердің «Jambyl 109» қызметінің жүйесіндегі күрделілік деңгейіне байланысты автоматты түрде орындау мерзімі қойылады.
Ағымдағы және 2025 жылы облысымыздағы мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардан қаржыландырылатын Call-орталықтардың байланыс нөмірлерін 109 қызметіне біріктіру көзделген.
Сондай-ақ, әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік желіден тегтеу (белгілеу) арқылы түсетін өтініштерді 109 бірыңғай қызметінің платформасы арқылы қабылдау, жауап ұсыну жоспарланған.