Жаңалықтар
ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫ: ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСІ 503,3 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ОРЫНДАЛДЫ
- author Zhambylokq
- 15 қараша, 2024
- 30
2024 жылдың 1 қазанына облыс бюджетінің кірістері 503,3 млрд. теңгеге немесе 101,0%-ға орындалды. Меншікті кірістер жоспары 133,0 млрд. теңгеге немесе 105,4%-ға орындалып, 6,8 млрд. теңге жоспардан артық түсті. Меншікті кірістер жоспары барлық жергілікті бюджеттерде орындалған.
Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу, Қордай аудандарында меншікті кірістер жоспарларының елеулі түрде артық орындалуы байқалады.
Өткен жылмен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 125,8%-ды құрап, 27,2 млрд. теңгеге артқан.
Меншікті кірістер өсімінің жоғары көрсеткіштері Қордай, Жуалы, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары мен Тараз қаласы бойынша анықталып отыр.
Облыстық бюджеттің меншікті кірістерінің өсімі 125,4%-ды құрады.
Бұл туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Әкек Батырхан хабарлады.