ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
- author Zhambylokq
- 15 қараша, 2024
- 28
Меншікті кірістер жоспары 133 млрд. теңгеге немесе 105,4%-ға орындалып, 6,8 млрд. теңге жоспардан артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 125,8%-ды құрап, 27,2 млрд. теңгеге артқан.
Облыстық бюджеттің меншікті кірістерінің өсімі 125,4%-ды құрады.
Облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 522,7 млрд. теңгеге немесе 98,1%-ға игерілген.
Жергілікті бюджеттер шығыстарының орындалуы бойынша мынадай көрсеткіштер қалыптасқан, оның ішінде: Т.Рысқұлов пен Мойынқұм аудандары бойынша – 100,0%, Талас ауданы бойынша – 98,1%, Сарысу ауданы бойынша – 97,4%, Жамбыл ауданы бойынша – 96,8%, Шу ауданы – 95,0% мен Тараз қаласы бойынша – 95,0%, Жуалы ауданы бойынша – 94,0%, Меркі және Байзақ аудандары бойынша – 92,3%, Қордай ауданы бойынша – 91,2%.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қаражаттар 98,5%-ға игерілген.
2024 жылдың 1 қазаны бойынша коммуналдық меншікті басқарудан 249,4 млн.теңге түсіп, жоспар 140%-ға орындалған.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы 57 кәсіпорынның 55-сі 2023 жылды оң нәтижемен аяқтап, 1,3 млрд. теңге таза кіріспен шыққан.
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында 2021 жылдан бері 11 ұйым бәсекелес ортаға беріліп, 338,8 млн. теңге бюджетке түскен.
Сенімгерлік басқаруға берілген объектілердің сенімгер басқарушыларының кәсіпорында/объектіде 2023 жылы атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылған.
Сенімгерлік басқарушылар басқаруға алған объектілерге 2 млрд. 882,0 млн.теңге сомасында, оның ішінде: күрделі жөндеу жұмыстарына – 1 890,7 млн.теңге, медициналық құралдарды сатып алуға - 336,8 млн.теңге, басқа да бағыттарға 654,4 млн.теңге сомасында инвестициялар салған.
Облыста «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 9260 адам оқытылып, арнайы сертификаттар берілген.