Биыл 4270 гектар жер мемлекет меншігіне алынды.
Есепті жылдың 9 айында 5 инвестициялық жоба ауданда іске асырылған (Жалпы құны – 8,0 млрд. теңге, құрылған жұмыс орындары – 126 адам).
2024 жылы жалпы аудан көлемінде 9,7 млрд. теңгеге 35 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшының айтуынша Аса ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 40 отбасыға үй салынуда.
2024 жылы Бесағаш, Түрксіб ауылдарына сапалы ауыз су берілді.
2024 жылы Ерназар, Жаңаөткел, Қызылшарық, Бектөбе, Өрнек, Жұма ауылдарына ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
Жыл соңында Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерін магистралды газбен қамту жұмыстары аяқталмақ, мұнан соң аталған елді мекендерді ауыл ішілік газбен қамту жобасын қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді. Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда қамтылу көрсеткіші 100% болады.
2024 жылға аудандық маңызы бар 6 жобаның жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аса ауылынан темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ел игілігіне пайдалануға берілді.
Ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 7 бағытқа 192,5 млн. теңге бөлінді.
2024 жылы ауылішілік 39,8 шақырымды құрайтын 57 көше мен 22 бұрылыс асфальтталды.
Сондай-ақ, 15 елді мекеннің 43 көшесіне жарықтандыру орнатылды. 10 елді мекеннің 18 көшесінің ескі бағаналары мен желілері ауыстырылды.
«Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2024 жылы 1,6 млрд. теңгеге 15 жоба іске асырылуда.
Аудан әкімі биыл Өрнек және Қаракемер ауылдарында спорт кешені мен Ақбұлым ауылында мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін, жыл соңына дейін Бесағаш ауылдық спорт кешені мен Қызылқайнар ауылдық мәдениет үйінің құрылысы аяқталатынын жеткізді.
2024 жылы Бәйтерек ауылында 100 орындық, Шайдана ауылында 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
2025-2027 жылдары Қызылдихан, Қоңыртөбе, Рахат, Қапал ауылдарында жаңа мектеп ғимаратын соғу жоспары бар.
Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен Аса ауылдық мұражай ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Аудандық бюджет есебінен орталық кітапхана, орталық архив және жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысы жүргізілуде. Аудан орталығы Аса ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.