Аудандағы 42 елді мекендегі 82717 тұрғын ауыз сумен қамтылған.
Биыл Бесағаш, Түрксіб ауылдары сапалы ауыз суға қосылды. 2024 жылы Ерназар, Жаңаөткел, Қызылшарық, Бектөбе, Өрнек, Жұма ауылдарында ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Аталған ауылдарда ауыз су құрылысы игілікке берілсе, қамту көрсеткіші ауданда 100 пайызды құрайды.