МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
- author Zhambylokq
- 25 қараша, 2024
- 26
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 5,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 87,7%. Мал шаруашылығы 4,1 млрд теңге көлемінде орындалды.
Инфрақұрылым және құрылыс
2024 жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 29,6 млрд теңгені құрап, 2,2 есеге артты. Жыл соңына дейін 31,7 млрд теңге деңгейіне жету жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысында 3750 шаршы метр пайдалануға берілді, жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 5,4 мың шаршы метрге жетеді деп күтілуде.
Газдандыру және ауыз су
Газдандыру жобасы бойынша 9 елді мекенді қамту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 1-кезең іске асырылуда. Ауыз сумен қамту мәселесінде 4 елді мекенді сапалы сумен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Әлеуметтік сала
2024 жылы аудан бойынша 1881 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. 654 жұмыссыз тіркелген, жұмыссыздық деңгейі 3,5%.
"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша 21 жас маманға тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетілді.
Білім және мәдениет
Ауданда жаңа оқу жылында 5488 оқушы білім алуда. Мыңарал және Қарабөгет ауылдарында жаңа мектептер салынуда. Сонымен қатар, Айдарлы ауылында мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
Қылмыс деңгейі
Жыл басынан 87 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ашылу деңгейі 67,2%-ды құрады.
Жоспарлар мен перспективалар
Аудандағы инфрақұрылымды дамыту, экономикалық көрсеткіштерді арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасады. 2025 жылға арналған жоспарларға сәйкес, бірқатар ірі жобаларды іске асыру көзделіп отыр.