Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 70 ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ СОҒЫЛАДЫ
- author Zhambylokq
- 3 желтоқсан, 2024
- 103

Жамбыл облысының аудандарында орналасқан 160 ветеринариялық пункттердің ішінде ескі ғимараттардың орнына
2025-2026 жылдары 70 типтік үлгідегі ветеринариялық пункт мал емдеу алаңдарымен бірге соғу жоспарланып отыр.
Бірінші кезекте пилоттық режимде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында аталған типтік үлгідегі ветеринариялық пункт құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылуы күтілуде.
Осы бағытта ауылдық округтер аумағында орналасқан залалсыздандыруға арналған 41 биотермиялық «Беккер» шұңқырларына қажеттігіне қарай қосымша шұңқыр соғу келер жылдарға жоспарланып отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Көкей Олжас мәлімдеді.
Келесі мақала
ЖАМБЫЛДА 25 885 ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН 374 МЫСЫҚ АУЛАНДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- авторZhambylokq
- 19 маусым, 2025