ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ
- author Zhambylokq
- 12 желтоқсан, 2024
- 36
Сонымен қатар, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын Жарғысымен бекітілген прейскурантқа сәйкес мемлекеттік тізілімге енбеген басқа да ауруларға қарсы (хирургиялық көмек, паразитарлық және жұқпалы емес, инвазиялық ауруларды емдеу, дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастыру, т.б.) ақылы қызмет көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру
2024 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп жыл басынан 1,5 млн. бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы
4,6 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген.
Эпизоотияға қарсы іс-шаралар туралы
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 млн. манипуляция жүргізілді.
Жыл басынан бруцеллезге тексеру үшін 5,7 млн. қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 344 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (мүйізді ірі қара-86 бас, ұсақ мал-258 бас) қолданыстағы Заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, кезең кезеңімен қайта өңдеуге жіберілді.
Анықталған ауру ошақтары туралы
Облыс аумағында 4 (төрт) ауру түрінен 15 ошақ (құтыру-6, бруцеллез-2, сібір жарасы-1, энтеротоксемия-6) анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге ауру ошақтары жойылып, сауықтыру жұмыстары толық жүргізілді. 2023 жылмен салыстырғанда ауру ошағы 21 % (бруцеллез-6, брадзот-8, сібір жарасы-5) азайған.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау Заңы туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы
30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында қабылданған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес облыс аумағында жануарларды есепке алу «IT-COR» ақпараттық жүйесімен жұмыстар атқарылуда.
Түскен өтініштерге байланысты жыл басынан бері
25 885 қаңғыбас иттер мен 374 мысықтар ауланды.
Облыс аумағында иесіз қалған қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға арналған 11 панажай бар. Оның ішінде
3 панажай (Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандарында) жалдамалы ғимараттарда орналасқан.
Ветеринария саласының ветеринариялық нысандары туралы
Облыс аумағында барлығы 160 ветеринариялық пункттер бар. Оның ішінде 12 жалға алынған, 37 әкімшіліктер ғимараттарында, 21 ескі ғимараттарда орналасқан. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында 2025-2026 жылдары 70 типтік үлгідегі ветеринариялық пункт мал емдеу алаңдары мен тоғытпаларын бірге орналастырып соғу және қажеттілігіне қарай биотермиялық шұңқырлардың құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Қала мен аудандардағы ветеринариялық бөлімдері және құрамындағы ветеринариялық пункттердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 2023 жылы 10 УАЗ автокөлігімен қамтылды.
2025 жылы облыс әкімінің қолдауымен қосымша
60 дана нива автокөліктерімен, ветеринариялық құрал-жабдықтар және 160 термочемодандармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.