Жаңалықтар
ЖАЛҒАН ДИПЛОММЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАН 22 АДАМ ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛДЫ
- author Zhambylokq
- 24 желтоқсан, 2024
- 19
Әлеуметтік салада қоғамдық жұмысқа тартылған, алайда нақты жұмыс жасамаған 140 адаммен келісім шарттардың бұзылу арқылы оларға төленуге тиіс 73,0 млн. теңге үнемделді.
Сондай-ақ, спорт және жұмыспен қамту саласында жалғандық белгілері бар дипломмен жұмыс жасаған 22 қызметкер жұмыстан босатылды. Жол саласында істелмеген жұмыстар үшін қаражатты толық төлеу, кепілдік мерзімді белгілемеу және ақаулығы бар жолдарды қабылдау түріндегі бұзушылықтарға жол берген 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажанов мәлімдеді.