Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы

Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
ашық
Жамбыл облыстық Нотариаттық палатасы 1996 жылғы 26 шілдеде нотариустардың құқықтарын, заңды мүдделерін айқындау және қорғау, сондай-ақ олар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін тіркелді.

Басқарманың бірінші төрағасы болып нотариус Сарафинова Светлана Александровна сайланды.

Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының жаңа кеңсе ғимаратының құрылысы 2014-2015 жылдары жүзеге асырылды. 2015 жылғы 06 мамырда палатаның жаңа кеңсесі салтанатты түрде ашылды.

Палатаның үздіксіз жұмысын 12 адамнан тұратын ұжым қамтамасыз етеді. Оның ішінде нотариаттық палатаның төрағасы, атқарушы директор, мұрағат директоры, бас бухгалтер, кассир, заңгер, IT маманы, іс жүргізуші, 2 мұрағатшы, 2 техникалық қызметкер.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша 208 жеке нотариус жұмыс істейді.

Оның ішінде: Тараз қаласында 130, Байзақ ауданы 8, Жамбыл ауданы 6, Жуалы ауданы 7, Қордай ауданы 15, Меркі ауданы 11, Мойынқұм ауданы 3, Т.Рысқұлов ауданы 6, Сарысу 3, Талас 4, Шу 11 нотариустар бар.

Бүгінгі таңда 4 нотариус өз қызметін әлі толық бастаған жоқ.

Республикалық нотариаттық палатасының қолдауымен және Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың маусым айының 13-16 күндері Тараз қаласында Республикалық нотариустар арасындағы V жазғы спартакиадасы өтті. Спартакиадаға спорттың 10 түрінен Республикамыздың 17 өңірінен 300-ге жуық спортшылар келді.

Жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын Жамбыл облысының Әділет департаментімен бірлесіп «Adaldyq Таnу» жобасы шеңберінде облыс нотариустарының тегін заң көмегін көрсету тәртібі мен түрлері туралы азаматтарды ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Апта сайын нотариустар азаматтарды «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімшелерінде Нотариат туралы заңнаманың нормалары мен талаптарын қолдану мәселелері бойынша қабылдайды (тегін консультациялар).

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар