Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ашық дерек
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 Қаулысына сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) жедел басқару құқығығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының қарамағында тас дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі әртүрлі тарихи кезеңдерде тұрғызылған Республикалық маңызы бар 30 ескерткіш (12 қала құрылысы және сәулет, 15 археология, 1 ансамбль, 2 монументалды) орналасқан. Ескерткіштер Жамбыл облысының аумағында (20 нысан) және Тараз қаласының шегінде (10 нысан) орналасқан.

Ортағасырлық бес ірі қала – Ақтөбе, Құлан, Өрнек, Костөбе, Ақыртас сәулет-археологиялық кешені 2014 жылдан бастап «Ұлы Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізінің маршруттық жүйесі» ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 826 қаулысы бойынша музей-қорықтың Тараз қаласы аумағында орналасқан ғимараттарының жалпы жер көлемі – 5, 3656 га. Мекемеге тікелей қарасты ескерткіштердің жер телімі: 6403 га.

Музей-қорық төмендегі құрылымдық бөлімдерге сай жұмыс жасап келеді:

I. Әкімшілік-басқару персоналы

II. Қаржы және экономикалық жоспарлау бөлімі

III. Музей ісі және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі

IV. Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімі

V. Қор сақтау және есепке алу бөлімі

VI. Әкімшілік-шаруашылық бөлімі

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының объектілері қазіргі уақытта елдің мәдени туризмін дамытудың стратегиялық маңызды нысандардың бірі болып табылады. Соның ішінде Қарахан, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері; ортағасырлық қалашықтар: Тараз, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақтөбе, Мерке қалашықтары мен Ақыртас сәулет-археологиялық кешені, Қарақожа , Абдулла Ишан, Жүнісбай (Әулие ата) мешіттері, Қали Жүніс моншасы сынды нысандар өңірлік және халықаралық туристік маршруттарға енгізілген. 2018 жылы Ақыртас кешені мен Айша бибі кесенесі ерекше туристік тартымды объектілерінің Дүниежүзілік тізімін толықтырды. 2015 жылы музейдің қарқынды жұмыстарының нәтижесінде ICOM Халықаралық музейлер одағының шешімімен «Жыл музейі» деген атаққа ие болды.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар