Су ресурстары және ирригация министрлігі 84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жобаны іске асырып жатыр
- author Zhambylokq
- 8 қаңтар, 2025
- 231
Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.
«Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ұқсас жаңалықтар
ӨҢІРДЕ ЕКІ КӘСІПКЕР МЕН ӘКІМДІККЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
- авторZhambylokq
- 12 желтоқсан, 2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
- авторZhambylokq
- 11 желтоқсан, 2025






