Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚАЛАЙ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ?

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚАЛАЙ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ?
ашық
Полицияға жұмысқа орналасу үшін азаматтың жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы керек, жоғары немесе орта арнаулы заңгерлік немесе педагогикалық білімі болуы шарт. Ер азаматтардың бойы 170 см-ден, ал әйелдердің бойы 160 см-ден төмен болмауы тиіс.

           Полицияда қызмет етуге, ҚР азаматы жасы 18 бен 35 аралығында құқықтану және педагогикалық бағыттағы мамандықтар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі бар ҚР күштерінде әскери қызмет өткерген ерлер үшін бойы 170 см ал, әйелдер үшін 160 см төмен емес азаматтар қабылданады.

          

            Бос лауазымдарға үміткерлер Жамбыл облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінен компютерлік тестілеуден медициналық және полиграфиялық тексеруден өтеді және дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтар қабылданады.

 

Сонымен қатар, 11-сыныпты бітіргеннен кейін ІІМ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай академияларына түсуге шақырады.

 

Ішкі істер органдарында қызмет етудің артықшылығы:

- мемлекет тарапынан толық материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үйді жалға алу үшін төлемдер;

- лайықты жалақы, бұл ретте оны кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған;

- ерте зейнетке шығу-еңбек сіңірген жылдары (25 жыл) өткеннен кейін немесе шекті жасқа жеткенде;

- сондай-ақ азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, өз мемлекетіне пайда келтіру мүмкіндігі.

           -   ҚР ІІМ арнаулы жоғары оқу орындарында тегін білім алуына, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуына, полиция қызметкерлердің балаларына  мектепке дейінгі ұйымдарына яғни балабақшаға кезектен тыс қабылдауына мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, тегін медициналық көмек көрсетіліп, арнайы тегін нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.

 

Оқуға түсу үшін түлек ең алдымен денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуы және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

 

Түлек,  жауапкершілік, төзімділік және қызметке адал болу секілді маңызды қасиеттерге ие болуы тиіс, өйткені ІІМ қызметкері – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттің тұлғасы!

Өтінішті аумақтық полиция бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша оқу орнына беруге, сондай-ақ өтінішті оқу орындарының ресми сайттары арқылы электрондық форматта беруге болады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қаласы  ПБ тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы Джуандықов Айдар хабарлады. 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар