Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ 23 БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ 23 БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ
ашық дерек
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында балаларды сауықтыруға арналған 50 орталық және одан бөлек 100 қосымша білім беру нысаны салынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Биыл өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығын ашу және қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарлануда.

Қазіргі таңда қосымша білім берумен 3,3 млн бала қамтылған. Осы бағытта ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық бағыттар бойынша мектептен тыс 1 713 ұйым және 380 үйірме жұмыс істейді. Елімізде барлығы 202-ден астам балаларды сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы, 185-і маусымдық негізде жұмыс істейді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше назар аударылып келеді. Алғаш рет девиантты мінез-құлқы бар 10 мың балаға үйірмелер мен секцияларға проактивті форматта бірінші кезектілік басымдығымен тіркелу мүмкіндігі берілді.

Жаңа нысандардың құрылысы өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл бастамалар оқушылар мен жас таланттардың тұлғалық дамуына жағдай жасайды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар