Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР, СОЛ ТЕКТЕСТЕР, ПРЕКУРСОРЛАР МЕН КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ

ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР, СОЛ ТЕКТЕСТЕР, ПРЕКУРСОРЛАР МЕН КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ
ашық дерек
2025 жылдың 3 наурызында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енген түзетулер күшіне енеді. Өзгерістер топтамасы туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында егжей-тегжейлі айтып берді.

Заңда есірткі дайындауға, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың есірткі дайындауына, қайта өңдеуіне және өндіруіне қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.  Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Алғаш рет әсері күшті заттардың, сондай-ақ есірткі дайындауда қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілік тек прекурсорлардың контрабандасы үшін қарастырылған болатын.

Сонымен қатар, есірткіні жасырын орынға қоюшылар үшін жаза аздап жеңілдетілді.

 

Ауырлататын мән-жайларсыз бірінші рет қылмыс жасаған кезде, мүлкін тәркілеуді сақтай отырып, жаза 5-8 жылға (бұрын 5-10 жыл) бас бостандығынан айыруға дейін төмендетілді. Бұл, егер адам есірткіні аз мөлшерде сатқаны үшін айыпталған жағдайда ғана қолданылады.

 

Есірткі затын ірі мөлшерде өткізгені  үшін - 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру (бұрын 6 жылдан 12 жылға дейін), аса ірі мөлшерде - 7 жылдан 12 жылға (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін) дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

 

Статистика көрсеткендей, есірткіні жасырын орынға қоюшылар негізінен алғаш рет заң бұзған жастар.  Олар есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың қолындағы "қуыршақтарға" айналады. Сондықтан оларға ертерек бостандыққа шығуға және жаңа өмір бастауға мүмкіндік беріледі.

 

- Енгізілген өзгерістер қылмыстық жауаптылықтың неғұрлым әділ жүйесін құруға, сондай-ақ есірткі бизнесінің жаңа көріністеріне қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік береді деп сенеміз, - деп сөзін түйіндеді Асқар Жұмабеков.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар