Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда 400-ден аса курсант әскери даярлықтан өтеді

Таразда 400-ден аса курсант әскери даярлықтан өтеді
ашық
Биыл Тараздағы әскери-техникалық мектепте 400-ден аса курсант әскери дайындықтан өтеді.

Қазір олардың алғашқы тобы қабылданды. Жамбыл мен Қызылорда облысынан келген 100-ге жуық жігіт әскери өмірге бейімделеді. Үш ай бойы жүк көліктерін басқарып, техниканы жөндеуді меңгеріп шығады. Осылайша курсанттар В, С және С-1 санатындағы жүргізуші куәлігін алады. Ал 24-27 жас аралығындағы жігіттер ақылы негізде 40 күн оқып, әскери билетке қол жеткізеді.

Асылбек Құланбай, әскери-техникалық мектептің курсанты: — Біздің Қызылордада мұндай мүмкіншілік жоқ, бұндай оқу орны. Сол үшін мен әдейі Тараз қаласына оқуға келдім. 3 айлық оқуға. Бұнда көлік жүргізуге куәлік алынады. Біз машина айдаудың маманы болып, армияға бір жылға кетеміз. 3 мезгіл тамақ беріледі. Киімдеріміз бүтін. Әскери өмірді осы жақта үйреніп жатырмыз.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар