Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ
ашық дерек
2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Осыған орай, Тараз қаласының 4 мектебінен 150 оқушыға “Казфосфат” ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушылар зауыттың өндіріс процесімен, жұмысшылардың күнделікті қызметімен және заманауи технологиялармен танысты. Оларға фосфор өнімдерін өндірудің негізгі кезеңдері, еңбек қауіпсіздігі және жұмысшылардың рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, болашақ мамандарды еңбек нарығының сұраныстарына бейімдеуге және жастардың өндірістік кәсіпорындарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Бұл экскурсия оқушыларға өз болашақ мамандығын дұрыс таңдау үшін үлкен мүмкіндік беріп, өндіріс саласының маңыздылығын тереңірек түсінуге ықпал етті.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар