Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Су тасқынынан қорғау: өңірлердің дайындығы

Су тасқынынан қорғау: өңірлердің дайындығы
ашық дерек
Өңірлерде алдын алу шаралары мен инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды іске асыру барысын жергілікті жерлерде ТЖМ бөлімшелері бақылайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында іске асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс-шара іске асырылды. Елді мекендерді қорғау үшін 576 километр қорғаныш бөгеттері мен біліктері салынды. 164 километр дренаж жүйесі жөнделді және салынды, 960 автомобиль және темір жолдардың астына су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 658 километр каналдар мен арықтар құрылды. 74 өзеннің қауіпті учаскесінде 300 километрден астам тереңдету мен жағалауды нығайту, 190 километр тазарту жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендердің ішінде жаңбыр мен дренаж жүйелері жөнделіп, салынуда. Сонымен қатар елді мекендерден қар шығару үшін қауіпсіз полигондар алдын ала анықталған.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында ұзындығы 1300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады.

Алматы облысының Талғар ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде. Іс-шаралар аясында Қазтуған Жырау көшесіндегі арық желілері мен арналарын, Тополевка өзенінің жағалауын тазарту және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, бұл аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Талғар қаласында 38 километр арық жүйесі және 30-дан астам көше бар, олар қоқыстан тазартылды. Жақын арада осындай іс-шараларды өткізу, сондай-ақ қосымша арналар салу жоспарланып отыр. 

Астана су реттегіші құрылысына тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстары барысында ТЖД және ТЖ алдын алу комитетінің қызметкерлері «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының өкілдерімен бірлесіп, тасқын суларды қабылдауға және өткізуге, объектіні реконструкциялауға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қорытынды бойынша «Қазсушар» РМК АФ теңгерім ұстаушысына су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту бойынша барлық іс-шараларды тиісті жағдайда ұстау және қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.

Жамбыл облысында Талас өзені жағалауын нығайту жұмыстары қаңтар айында басталды. Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы әкімдеріне және мүделі мемлекеттік органдарға су басу қаупі бар аймақтарды қосымша зерделеу, өзен арнасын тазарту және тереңдету, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Су тасқыны маусымы қарсаңында Шымкент қаласының ТЖД жергілікті атқарушы органдар және бассейндік инспекциямен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар учаскелерді көзбен шолып тексеру мақсатында жедел кеңес өткізді. Тексеру барысында ықтимал қауіптерге жан-жақты талдау жасалды. Кездесу барысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға бағытталған алдын алу шаралары қаралды. Жағалауларды нығайту, су өткізу арналарының тазалығы және халықты уақытылы ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша құзыретті мемлекеттік органдарға инженерлік және жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қосымша шараларды әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар