Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Сот төрелігі академиясы магистратураға түсу үшін емтихан тапсыру күндерін жариялады

Сот төрелігі академиясы магистратураға түсу үшін емтихан тапсыру күндерін жариялады
ашық дерек
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына магистратураға түсу үшін емтихандар 5-22 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Академияның вице-ректоры Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Магистранттарды қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. Академия магистратурасында оқу 1 қыркүйекте басталады. Спикер бүгінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен субъективизмді болдырмау мақсатында магистратураға іріктеу тетігі жетілдірілгенін және оңтайландырылғанын атап өтті. 

Қабылдау емтиханы үш кезеңнен тұрады: 
1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының базасында өткізілетін кешенді тестілеу; 
2) кейсті (ситуациялық есепті) шешу; 
3) эссе жазу. 

Кейсті (ситуациялық есепті) шешу және эссе жазу Академия ғимаратында компьютерлік тәсілмен жүзеге асырылады.  

Сондай-ақ Қанат Мусин кешенді тестілеу кезеңінде оқуға түсетіндер Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің үлгілік қағидаларында белгіленген шекті балды жинау керек екенін атап өтті. Қазіргі уақытта олар 70-тен 30 балды жинауға тиіс. Мамандық бойынша емтиханның әрбір келесі кезеңінде, яғни кейс шешіп, эссе жазғанда талапкер 100-ден кем дегенде 60 балл жинауы керек.  

«Магистранттар қатарына қабылдау конкурстық негізде емтиханның үш кезеңінің қорытындысы бойынша жинаған балдар сомасы бойынша жүзеге асырылады», – деп түйіндеді спикер.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар