Жаңалықтар
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 10 ОҚЫТУШЫСЫ МЕН 119 СТУДЕНТІ ӘЛЕМДІК БІЛІМ ЖОЛЫНДА
- author Zhambylokq
- Бүгін, 11:51
- 1
2024 жылы Дулати университетінің 10 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500 Ғалым» жобасы бойынша грант иегері атанып, халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
2024 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік және қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарында барлығы 119 студент білім алды. Оның ішінде:
• 40 студент сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша
• 79 студент ішкі академиялық ұтқырлық бойынша оқыды
«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті бойынша 5 кафедра бар. Олар: «Математика», «Физика және информатика», «Химия», «Биология», «ББ тарих және география» кафедралары.
Факультетте қазіргі кезеңде бакалавриатта – 19, магистратурада – 7, докторантурада – 1, барлығы 27 білім бағдарламасы бар.