«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалының әлеуметтік бағыты бойынша атқарылған жұмыстары
- author Zhambylokq
- 12 ақпан, 2025
- 51

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалы бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушылар есебіндегі барлығы 286748 алушыларға республикалық бюджеттен және 41514 алушыға Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қорынан тиісті төлемдер төленді.
Бүгінгі күні, мемлекеттік корпорация есебінде: Жасына байланысты зейнетақы -138981 алушылар; жәрдемақы төлемдерін 147767 - алушылар тіркелген.
Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері екінші дәрежелі банктердің және «Қазпошта» АҚ-ы бөлімшелері арқылы ай сайын уақытылы жүзеге асырылып келеді.
Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша барлығы 10828 мемлекеттік қызмет көрсетілген
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (216 260 теңге) құрайды.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 %-ға, мемлекеттік жәрдемақылар 6,5%-ға арттырылды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5 % -ға арттырылды.
Тұтынушылардың құқықтарын сандармен қорғау
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025