
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: "Кімде-кім Рамазан айында шынайы иманмен, сауабын Алладан күтіп ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі" (Бұхари, Мүслім) деп айтқан. Сондықтан, бұл ай – күнәлардан арылып, Аллаға шынайы бет бұруға мүмкіндік берілген ерекше уақыт.
Бұл берекелі айда ауыз аштырып, садақа берудің сауабы мол. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде-кім ораза ұстаған адамға ауыз аштырса, оның сауабындай сауап алады" (Тирмизи) деген. Сондықтан, мұсылман қауымы бұл айда мейірімділік танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуі тиіс.
Алла Тағала баршамызға иманымызды күшейтіп, отбасымызға береке, елімізге тыныштық, халқымызға бірлік нәсіп етсін! Жасаған құлшылықтарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болғай!
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025