2024 жылдың қорытындысы бойынша елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау жағдайы
- author Zhambylokq
- 27 ақпан, 2025
- 25

Облыста 371 елді мекен бар (халық саны - 1,222 млн. адам), оның 4-і қала және 367-і ауылдық мекен.
Жыл басында ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен қалаларда 98,0% (523,7 мың адам), 340 ауылдық елді мекенде 97,1% (675,3 мың адам) құрайды.
Бүгінге ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 27 ауылдық елді мекен (13,1 мың адам) және Тараз, Шу қалаларында 9 тұрғын алқап (10,6 мың адам) қалып отыр.
Аталған 22 елді мекеннің 17-нің құрылысы 2024 жылдан өтпелі болса, 4 елді мекеннің құрылысы биыл басталады.
Сондай-ақ, 100% ауыз сумен қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін жалғыз қалып отырған Қордай ауданындағы Алға елді мекенінің жобасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қаржыландыру мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025