Екпемен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы
- author Zhambylokq
- 28 ақпан, 2025
- 43

Бүкіл әлемде жалпы екпе жүргізу, көптеген қауіпті аурулардың төмендеуіне, тіпті жойылуына алып келді. Мысалы, бүкіл әлемде шешек ауруы жойылып, «А» және «В» гепатиттері, дифтерия, қызамық сияқты аурулар 100 есеге дейін төмендеді, сіреспенің бірлі-жарым жағдайлары ғана тіркелді.
Әр елдің өзінің бекітілген профилактикалық егу күнтізбесі бар.
Біздің елде екпе жүргізілетін жұқпалы аурулардың атауы мен екпенің мерзімдері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген.
Ұлттық күнтізбеге сәйкес, халыққа екпе 20 жұқпалы ауруға қарсы тегін жүргізіледі («А» вирустық гепатиті, «В» вирустық гепатиті, гемофильді инфекция, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, пневмококты инфекция, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, адам папиллома вирусы, эпидемиялық паротит, көктемгі-жазғы кене энцефалиті, сібір жарасы, құтыру, оба, туляремия, тұмау, іш сүзегі).
Қазақстанда халықты иммундау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу рәсімі – күрделі бірнеше сатыдан тұрады және вакциналардың сапасын зертханалық бақылаудан өткізеді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаттауынан өткен вакциналар сатып алынады. Профилактикалық егулерді жүргізу мерзімдері ғылыми деректермен негізделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған.
Халықтың екпемен толық қамтылмауы, әсіресе бірнеше жыл бойы, жұқпалы ауруларға сезімтал адамдар санының көбеюіне әкеліп соқтыратынын, соның салдарынан жұқпалы аурулардың өршуі туындайтынын есте ұстаған жөн.
Балаңызға екпе жүргізу туралы мәселені шешу кезінде, ең алдымен, интернеттен алынған көбінесе осы салада медициналық білімі жоқ адамдар орналастырған ғылыми зерттеулерге сілтемелерсіз ақпараттарды емес, нақты ғылыми мәліметтерге, ғылыми негізделген ақпарат көздерін, вакцинопрофилактика саласындағы ғалымдардың, мамандардың жарияланымдарын басшылыққа алу қажет.
Әр ата-ана баласына екпе жасау керек пе, жоқ па, соны таңдау алдында тұрады. Бірақ, ата-ана, екпелерді уақытылы жүргізгенде ғана баланы аурудың ауыр түрлерінен және одан кейінгі жұқпалы аурулардан қорғауға көмектесетінін білуі және есте сақтауы керек. Барлық балалар қорғалуы мүмкін нәрселерден толықтай қорғалуы керек!
Қазақстанда судьяларды іріктеу процесі оңтайландырылды
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025