Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласындағы 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға қойылған міндеттері
- author Zhambylokq
- 4 наурыз, 2025
- 37

Игерілген қаражат 14 990,8 млн.теңге құрайды.
Облыстағы 341 БМСК және 38 ауруханалық нысанда 15 237 медициналық қызметкер (о.і: 3 355 дәрігер, 11 882 орта буын қызметкерлері) қызмет атқаруда.
Облыстағы мемлекеттік ұйымдардағы дәрігерлер тапшылығы 2024 жылдың қорытындысымен 70 бірлік (22 қала, 48 ауыл) болды.
2024 жылы өңірге 90 жас маман келді, 24 жас маман қалада, 66 жас маман аудандарда (Байзақ 12, Жамбыл 13, Жуалы 4, Қордай 12, Мойынқұм 2,Т.Рысқұлов 3, Шу АОА 8, Меркі 9, Сарысу 2, Талас 1).
2024 жылы 7,4 млрд. теңгеге 24 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 20 медициналық-санитарлық нысан (4-ДА, 10-ФАП, 6-МП) «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен жүргізілді. 2024 жылдың қорытындысымен 20 нысанның құрылысы 100% аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 нысанның (Үлкен Сұлутөр ДА, Ақкөл ДА, Меркі (Литер А), Сортөбе емханасы,) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер жүргізілді.
2024 жылдың қорытындысымен жүрек - қан тамыр аурулары бойынша – 88 066 жоспарланған тұлғадан, 88 066 (100%) тұлға тексеруден өткізілді. 7 404 (8,21%) тұлғадан ауру анықталып, 100% диспансерлік есепке алынды.
Қант диабетінен 88 066 жоспарланған тұлғадан, 88 066 (100%) тұлға тексеруден өткізілді. 1 081 (1,20%) тұлғадан ауру анықталып, 100% науқас диспансерлік есепке алынды.
2024 жылдың қорытындысымен «СҚ-Фармация» Біріңғай дистрибьюторынан 37 нозология бойынша 10,8 млрд теңгеге 467 атаулы, 53 482 466 данасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар келіп түсті.
Жамбыл облысы бойынша жазылған 805 632 рецептісі бойынша 10,8 млрд теңгеге науқастар қамтамасыз етілді. Игерілу 100% құрайды.
Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық медициналық көмекті алтын сағат қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында 3 аудандағы (Меркі, Талас және Шу) аудандық орталық ауруханалары, көпбейінді аудандық орталық ауруханалары болып жаңғыртылды.
4) Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында стационарлық деңгейдегі ревматологиялық орталық ашылды.
5) Ұрықтың туа біткен даму ақауларын ерте диагностикалау және алдын алу, сәбилер өлімін азайту, мүгедектіктің алдын алу мақсатында 2024 жылдың қыркүйек айында облыстық перинаталдық орталықтың базасында «Клиника Одного дня» пилоттық жобасы жүзеге асырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025