Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады
- author Zhambylokq
- 6 наурыз, 2025
- 31

Спикер атап өткендей, еліміздегі ең танымал интернет-дүкендер Kaspi.kz, OZON, Wildberries, Halyk Market, Forte Market, Jusan Market, Clever, Flip.kz және басқалар.
Сонымен қатар Әсет Нүсіпов электронды сауданың дәстүрлі саудадан негізгі айырмашылықтарының бірін атап өтті.
«Электрондық сауда ашық және әділ іскерлік ортада жұмыс істейді. Дәстүрлі бөлшек саудада транзакциялардың едәуір бөлігі сұр аймақта қалуы мүмкін. Өткен жылы отандық маркетплейстер бюджетке 150 млрд теңге көлемінде салық төледі. Жыл ішінде өсім 1,3 есе қамтамасыз етілді. Халықаралық маркетплейстер 35 млрд теңгеден астам «Google салығын» төледі. Әрине, бұл саланың серпінді дамуы жекелеген құқықтық, экономикалық және инфрақұрылымдық сын-қатерлермен ұштасады. Мәселен, қазіргі уақытта арнайы салық режимін қолдану үшін ЭҚЖЖ қызметінің санын қысқарту мәселесі белсенді талқылануда», - деді спикер.
Оның айтуынша, бұл бірегей мәселенің жаңа Салық кодексінің жобасына қатысы бар. Сауда және интеграция министрлігі уәкілетті мемлекеттік орган – Ұлттық экономика министрлігімен тиісті жұмыс жүргізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша бөлшек салық режимін қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесінде интернет арқылы 47.910 -ЭҚЖЖ бөлшек сауданы сақтау туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар Сауда және интеграция министрлігі қызметтің бұл түрі В2С сегментіне жататыны туралы ресми негіздеме хат жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025