
Өткен жылы қант қызылшасы дақылының өнімін зауыттарға өткеру мәселесі өзекті болған. Осы бағытта Үкімет деңгейінде бірнеше шұғыл шешімдер қабылданды. 11,2 мың гектар қант қызылшасы дақылынан алынған 600 мың тоннадан астам өнімнің, 597,1 мың тоннасы қант зауыттарына өткізілді (Меркі қант зауыты 478 мың тонна, Ақсу қант зауыты 100 мың тонна, Қошой қант зауыты 19,3 мың тонна).
Ауа райының қолайлы болуы, фермерлердің агротехникалық шараларды жетік меңгеруі мен мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігінің нәтижесінде жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті.
Соңғы 4 жылда 25 мың гектар алқаптан 650 мың тонна өнім жиналса, бұл өнімге фермерлер 1 жылдың ішінде қол жеткізіп, рекордтық өнім алынды.
Зауыттарға өткізілген өнімге 2024 жылы 9,2 млрд. теңге төленсе, биылғы жылы жергілікті бюджеттен 730 млн. теңге төленді.
Қалған 181 мың тонна өнімді субсидиялау үшін Үкіметтің резервінен қосымша 5,9 млрд. теңге бөлініп, төлеу жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы жалпы 659,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 33,2 мың гектарға ұлғаяды.
дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 372 мың га, майлы дақылдар – 40,2 мың га, қант қызылшасы - 6,0 мың га, картоп - 6,0 мың га, көкөніс дақылдары – 34,9 мың га, бақша дақылдары - 14,1 мың га, мал азығы дақылдары - 183,8 мың га.
2025 жылдың өніміне өткен жылы 156 мың га алқапқа күздік бидай дақылы орналастырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты көктемгі дала жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда кеш басталуда.
Көктемгі жер жырту жұмыстары 1,8 мың алқапқа жүргізілді, (жоспар 85,6 мың га, орындалуы 2,2%). Сонымен қатар, дақыл себуге 995 га жер дайындалып (жоспар 350,9 мың га, орындалуы 0,7%), 2,1 мың га алқапқа жаздық масақты дақыл (арпа) себілді (жоспар 198,9 мың га, орындалуы 1,1%).
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 54,8 мың тонна тұқым көлемі 100% құйылды (қосымша 28 мың тонна 156 мың га алқапқа егілген күздік бидайға себілді).
Дала жұмыстарына 8 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылады.
тракторлар – 3 484 дана, соқалар - 1 189 дана, қопсытқыштар - 538 данасы, дән сепкіштердің - 773 дана, тұқым дәрілегіштер - 83 дана және басқа да техникалар – 2045 дана
Үкімет тарапынан, өңіріміз үшін 20 мың тонна (ақпан-4,1 мың тн., наурыз-5,0 мың тн., сәуір-6,0 тн., мамыр-4,9 мың тн.) дизель отыны бөлініп, оны тарату үшін 8 өңірлік таратушы операторлар айқындалды. Тарату бағасы 1 литр дизель отыны үшін 254 теңгені құрады.
Бүгінде, мұнай өндеуші зауыт пен өңірлік операторлар арасында келісімшарт жасалып, тиісті көлемге қаражат аудару жұмыстары жүргізілуде (наурыз айына тиесілі 4,1 мың тоннаның 2,1 мың тоннасы төленді).
Биылғы жылы 400-ден аса өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңару жоспарын 6,5 %-ға жеткізу көзделуде (2024 жылы 502 дана техника алынып, жоспар 8,9%-ға орындалды. о.і. комбайн – 17 дана, трактор – 485 дана).
Өнімділіктің жоғары болуына тікелей әсер ететін минералды тыңайтқыштарды ендіру жұмыстары да қатаң бақылауда
Ағымдағы жылы 418 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарлануда (2024 жылы 83,1 мың тонна ендіріліп жоспар 100%-ға орындалды).
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Агронесиелік корпорация» арқылы облыс шаруаларына 8 млрд. теңге көлемінде 5 %-бен несие беру жоспарлануда (2024 жылы барлығы 145 шаруаға «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге, «Кең дала -2» бағдарламасы бойынша 1 млрд.теңге несие берілді).
2025 жылға ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 39,6 млрд. теңге (субсидия – 28,6 млрд. теңге, «СҚО» тәжірибесін тираждау – 11 млрд. теңге) бөлініп, 16 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетіледі.
Нәтижесінде, биылғы жылы өсімдік шаруашылығы бағытында 325,1 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 108,3%-ға өсім көрсету жоспарлануда.
Жалпы өңірде көктемгі дала жұмыстарына материалдық-техникалық қажеттіліктер толығымен дайын және агротехникалық шараларды мерзімінде өткізу жұмыстары тұрақты бақылауда.