Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

А.Тоқпанов театрының ішкі тынысы және шығармашылық жоспарлары

А.Тоқпанов театрының ішкі тынысы және шығармашылық жоспарлары
ашық дерек
А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында шығармашылық жоспарлар мақсатты түрде жүзеге асуда.

Ағымдағы  жылы 4 жаңа қойылымды сахналау жоспарланып отыр. Олар:

        1)Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» - (қоюшы режиссері – Сайфиддин Мелиев, Ташкент)

        2)Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джулетта» - (қоюшы режиссері – Даниил Филиппович, Белоруссия)

        3) Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш» - (қоюшы режиссері – Шамиль Дыйканбаев, Қырғызстан)

        4)Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» - (қоюшы режиссері – Айдын Салбан, Қазақстан, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры)

Бүгінгі күнге жоғарыда аталған жаңа қойылымдар тізбесінен; ақпан айында Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» - (қоюшы режиссері – Сайфиддин Мелиев, Ташкент) және сәуір айында У.Шекспирдің «Ромео мен Джулетта» трагедиясының тұсаукесері көрермен қауымға ұсынылды. (қоюшы режиссері – Даниил Филиппович, Белоруссия)

Баспасөз конференциясында театр директоры Ақылдос Тәжиев биыл күзде театрдың 90 жылдығы мен қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері,  профессор, Қазақстанның Халық артисі Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойын атап өту бойынша ақпараттар мен алдағы жоспарларды бөліседі.

 

Байланыс номері: 8 707 969 47 40 Ғалия Абылай

Электронды пошта: tarazkultura@mail.ru

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар