Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері
- author Zhambylokq
- 8 мамыр, 2025
- 32
Департамент басшысы Н.О. Алдановамен 2024 жыл мен ағымдағы 2025 жылдың Департаменттің жұмысы туралы баяндама оқылды.
Баяндамашымен 2024 жылы Департаментпен 23 тексеру жүргізілгені туралы айтылды. Оның ішінде: 13 жоспардан тыс және 10 бірлескен тексеру.
Жоспардан тыс тексерулер барысында 10 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде: 5 бұзушылық – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында, 4 бұзушылық – техникалық реттеу саласында және 1 бұзушылық – тауардың шығу тегі саласында. Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 1 569 100 теңге сомасында 3 айыппұл салынды.
Прокурор талабымен жүргізілген бірлескен тексерулер нәтижесінде 9 заңбұзушылық анықталды, барлық заңбұзушылықтар өлшембірлігін қамтамасыз ету саласында жіберілген.
Біріккен тексерулер нәтижесінде 8 030 100 теңге сомасында 5 айыппұл салынды. Осылайша, 2024 жылы Департаментпен 9 901 944 теңге сомасында 10 айыппұл салынды.
Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау аясында 306 бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жасалынатын профилактикалық бақылау іс-шаралары атқарылды.
Мемлекеттік бақылау бойынша ағымдағы жылға ақпарат
Ағымдағы жылы, бүгінгі күнге Жамбыл облысы бойынша ТРМК департаменті мемлекеттік бақылау бойынша 106 іс-шаралар атқарды, оның ішінде:
– 92 субъектіге бармай жасалынатын профилактикалық бақылау іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар нәтижесінде бұзушылықпен берілген 293 салыстырып тексеру туралы сертификаттарының күші жойылды;
– 1 бірлескен тексеру (1 заңбұзушылық анықталды);
– 1 жоспардан тыс тексеру (1 заңбұзушылық анықталды);
– 12 бару арқылы жасалынатын профилактикалық бақылау (7 заңбұзушылық анықталды).
Бұдан бөлек, Департаментпен тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдау мен «Ашық есік күндері» жүргізіледі, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындарға қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.
Қызғалдақ мұра халықаралық фестивалі
Ұқсас жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР БЕКІТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 25 қазан, 2025






