Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бірыңғай иммундау апталығы

Бірыңғай иммундау апталығы
ашық
2025 жылдың 27 сәуірі мен 03 мамыры аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аумақтық бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде Жамбыл облысы аумағында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» (#HumanlyPossible) ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған іс шараны 2005 жылдан бастап жүргізіп келуде, шараның негізгі міндеті – тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару болып табылады.

Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соңында тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі.

Еуропалық иммундау апталығының негізгі міндеті – әр бір азаматқа арнайы профилактика жолдарымен алдын алуға болатын аурулардан қорғануы тиіс және оған құқығы бар екенін түсіндіру.

         Бүгінгі таңда аурулардың алдын алу жолындағы денсаулық сақтау саласының негізгі бағыты – вакцинация.

         Балалар мен ересектер арасындағы вакцинациялаудың тиімді бағдарламаларының нәтижесінде облыста көптеген екпемен басқарылатын инфекциялар айтарлықтай азайды: ауыр асқынуларға, оның ішінде мүгедектікке алып келетін полиомилит мүлдем жойылды; қызамықпен аурушаңдық 100,0 пайызға төмендеді (2001 жылы 410 жағдай болса, 2024 жылы 0 жағдай); дифтерияның соңғы жағдайы 2002 жылы тіркелген; «В» вирусты гепатитінің аурушылдығы 95 пайызға төмендеді (1998 жылы 4283 жағдайдан 2024 жылы 2 жағдайға дейін).

Қазақстан Республикасында алдын ала екпелер толығымен мемлекеттің қаржыландыруымен өткізіледі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпелерден басқа, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін екпелер де ақысыз түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламалары аясында ұйымдастырылатын қосымша иммундау кампаниялары да ақысыз түрде жүргізіледі.

         Екпе – сіздің денсаулығыңыз үшін қалқан!

Вакцина – қамқорлық, сүйіспеншілік және жауапкершілік!

Иммундау апталығы – Сіздің балаңызды және өзіңізді бүгін қорғауға мүмкіндігіңіз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар