Шу ауданындағы 2025 жылғы қаңтар-наурыз айының әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы туралы
- author Zhambylokq
- 16 мамыр, 2025
- 1

Шу ауданының 2025 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты қарқынмен жүзеге асты.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,7 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,7%-ды көрсетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7%-ға өсті.
Құрылыс саласында да оң динамика байқалды – жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 1,9 млрд теңгені құрады (104,6%). 22,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Инвестициялар көлемі 5,3 млрд теңгеге жетіп, 118,3%-ды құрады. Сауда көлемі де өсіп, 12,6 млрд теңгеге жетті (103,1%).
Жұмыспен қамту бағытында да нақты нәтижелер бар – «Ауыл аманаты» жобасы аясында 298 жоба мақұлданып, 2,1 млрд теңгеден астам қаржы берілді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы бойынша 1 036 адам жұмыспен қамтылды.
Аудандағы әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өсім – барлық саладағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.