Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарған жұмыстары

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарған жұмыстары
ашық
Біздің басты мақсатымыз — Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, инвестициялар тарту, бизнесті қолдау және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды тиімді жүзеге асыру. Біз мемлекеттік органдармен, инвесторлармен және кәсіпкерлермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Сондай-ақ, аймақтың дамуы үшін сенімді серіктес және тиімді құрал болуға ұмтыламыз.

Қоғам 2020 жылдан бері алғаш рет жеке қаржылық есептілік бойынша 2024 жылды 183 млн теңге пайдамен аяқталды.

Ал, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағын құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 млрд теңгеге артып, 48 млрд теңгеден 61 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

 

2024 жылдың мамыр айында Қоғамның базасында Жамбыл облысына инвестициялар тарту бойынша «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Zhambyl Invest отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Zhambyl Invest-тың негізгі міндеттерінің бірі – Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Zhambyl Invest құрылғалы бері 300-ден астам кездесу мен консультация өткізіліп, инвесторлармен     25 меморандум мен өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Сондай-ақ,  бауырластық қатынастар (ҚХР қалалары мен аудандарымен Жамбыл облысының қалалары арасында) орнатылды. Сонымен қатар, 30-дан астам тауашалық және 20-дан астам инвестициялық жобаларға арналған тизерлер әзірленді.

Шетелдермен ынтымақтастықты нығайту және инвестиция тарту мақсатында жұмыс барысында 5 басым бағыт таңдалды. Бұл – Түркия Республикасы, ҚХР, Еуроодақ елдері, Парсы шығанағы елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.

 

Қорыта айтқанда, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жаңа әрі табысты жобалар болашақта Жамбыл облысының одан әрі дамуына және оның инвестициялық тартымдылығын нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар