Жамбыл облысындағы ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық жұмыстары
- author Zhambylokq
- 28 мамыр, 2025
- 1

Санақ ҚР Мемлекет басшы сының тапсырмасы бойынша жүргізіледі, өткізу мерзімі ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, ҚР Үкіметімен бекітілген. Іс-шара екі кезеңде өтеді: онлайн-сауалнама және үй шаруашылықтарын аралап өту.
Онлайн-кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында өтеді, онда респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарына баратын болады. Бұған дейін, 1-30 маусым аралығында респонденттердің тізімін нақтылау үшін өңіріміздің 3 қаласында үй шаруашылықтарын алдын ала аралау (листинг) өтеді.
Біз барлық азаматты санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және аймақтарды дамыту шешімдерінің негізі. Тек сенімді деректер ғана тиімді мемлекеттік аграрлық саясатты қалыптастыруға көмектеседі.
Сауалнамаға өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және балық шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар, ЖК, фермерлік қожалықтар қатысуы тиіс. Сондай-ақ үй-үйді аралау кезінде жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін, бақшасы мен жер учаскесі бар, мал ұстайтын үй шаруашылықтары сұралады.
Санақ өңіріміздің 129200 үй шаруашылығын және 34413 ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамтуды жоспарлап отыр. Сауалнама өткізу үшін өңірде 280-ден астам интервьюерлер тартылды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктерде және аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады. Кеңес алу үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтында sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне немесе 1446 байланыс орталығына жүгіне алады.