“Жамбыл облысының қала сыртындағы балаларды сауықтыру ұйымдарының 2025 жылғы жазғы маусымға дайындығы туралы”
- author Zhambylokq
- 27 мамыр, 2025
- 424

Жамбыл облысының аумағында 11 қала сыртындағы маусымдық балаларды жазғы сауықтыру лагері және 1 жыл бойы балаларды сауықтыру лагері, оның ішінде: 5 мемлекеттік, 2 жеке заңды тұлғалардың сенімгерлік басқаруына берілген және 5 жеке сауықтыру лагері.
2025 жылдың жазғы кезеңінде қала сыртындағы 6 маусымдық лагерьлер мен жыл бойғы 1 лагер жұмыс істейді деп жоспарлануда.
Барлық сауықтыру лагерьлері типтік жоба бойынша салынған: табиғи және жасанды жылытылатын душтар қарастырылған, ал 6 лагерьде қосымша моншалар бар. Барлық лагерьлердің аумағында ауыз су бұрқақтары, спорт алаңдары және 5 лагерьде жүзу бассейндері орнатылған. Барлық лагерьлерде сумен жабдықтау жергілікті, тарату желісі бар, ыстық су үшін су жылытқыштар орнатылған. Су бұру жүйесі орталықтандырылмаған.
Білім бөлімінің болжалды дерегіне сәйкес облыс бойынша 7469 баланы маусымдық лагерьлерде, 33607 оқушы тамақтанумен мектеп жанындағы лагерь базасында 147000-нан жоғары баланы мектеп жанындағы алаңда сауықтыру жоспарлануда.
Гигиенист дәрігерлер жазғы лагерьлерде өткізген уақыттың әсері денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қарапайым ережелерді ұстануға кеңес береді.
Сіз таңдаған балалар сауықтыру ұйымы туралы көбірек біліңіз (буклеттерді, балалар өз әсерлері туралы жазатын лагерь сайттарын қараңыз), балалары осы лагерьде демалған ата-аналармен сөйлесіңіз. Мұғалімдердің, тәлімгерлердің кадрлары туралы біліңіз: олар қайда оқыды, балалармен тәжірибесі бар ма.
Лагерьге жолдама сатып алмас бұрын, оның объектінің санитариялық ережелерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар екеніне көз жеткізіңіз.
Ата-аналар баламен жеке гигиена ережелері, тамақтан уланудың алдын алу туралы сөйлесуі керек. Тұрақты жылу жағдайында сапасыз тағамдарды тұтынумен байланысты жұқпалы аурулар мен тамақтан улану қаупі бар.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік өнімдерін сату шарттарына, қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімдеріне сатып алу кезінде назар аударуды ұсынады. Формасы өзгерген және бұзылу белгілері бар ыдыстан азық-түлік сатып алудан аулақ болыңыз. Белгіленбеген сауда орындарынан азық-түлік, көкөніс, бақша өнімдерін сатып алмаңыздар.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мамандарының ұсынымдарын сақтау Сізге және Сіздің балаңызға жазғы сауықтыру ұйымында ұмытылмас күндер өткізуге, сергектік алуға және денсаулықты нығайтуға мүмкіндік береді!