Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Құрбан айт – құтты мереке

Құрбан  айт – құтты мереке
ашық дерек
Тараз қаласындағы баспасөз орталығында Құрбан айт мерекесіне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен арнайы брифинг өтті. Жиынға «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Ғұмыр дария», «Знамя Труда» газеттері мен «Қазақстан Тараз», «77», «Taraz 24» телеарналары, сондай-ақ ZHAMYLNews порталының тілшілері қатысты.

Баспасөз мәслихатында Құрбан айттың маңыздылығы мен құндылығы, бұл күндердің мұсылман жұртшылығы үшін алар орны кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айт мерекесіне байланысты халыққа жолдаған Үндеуі таныстырылды.

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы: «Баршамызды ұлық мереке – Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Исламда зұлхижжа айының алғашқы он күні – ең қадірлі күндер. Бұл күндері жасалған ізгі амалдар мен құлшылықтардың сауабы еселеніп жазылады. Әсіресе, арапа күні ораза ұстау – үлкен сауап. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Арапа күні ораза тұтқан адам – өткен және келесі жылғы күнәларының кешірілуіне үміт етеді” деген. Биылғы арапа – 5 маусым, ал Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым. Айт намазы таңғы 6:00-де оқылады», – деді өз сөзінде.

Биыл құрбандық шалу дәстүрлі түрде – мешітке келіп, арнайы бекітілген қасапханаларда жүзеге асырылады. Тараз қаласы бойынша 1 қасапхана мен бірнеше қасапшы белгіленді. Сонымен қатар, qurban.muftyat.kz сайты арқылы да құрбан шалуға болады. Құрбандық еті алдын ала тіркелген мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Бұл жұмыстарға мешіт жанынан құрылған еріктілер тобы жұмылдырылады.

Құрбан айт – рухани тазару мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін мереке. Бұл күндері ата-анаға құрмет көрсету, бала-шағаға қуаныш сыйлау – сауапты әрі тәрбиелік мәні зор амалдар. Мұндай істер өскелең ұрпақтың жүрегінде мерекеге деген құрметті тереңдетіп, ізгілікке бастайды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар