
Оның ішінде:
62,1 шқ – облыстық маңызы бар автожолдар;
50 шқ – аудандық маңызы бар;
332,5 шқ – елді мекен көшелері.
Барлығы 181 жоба іске асырылып, 470,3 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеулермен қамтылады. Бөлінген қаржылар ішінде жалпы 3,5 млрд. теңге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп ұстауға бағытталып, келесі жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылы іске асырылатын 181 жобаның 18-і 2024 жылдан өтпелі болып табылады.
Бүгінде 63 жобада жұмыстар басталған, 70 жоба бойынша келісімшарттар жасалынған, жұмыстар жақын уақытта басталады деп күтілуде. Қалған 48 жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Автожолдардың сапасын қадағалау мақсатында, бүгінде, «Жол активтерінің ұлттық Сапа орталығы»-мен орындалған жұмыстар мен қолданылған материалдарға сараптама қызметі бойынша 214,8 млн. теңгеге шарт жасалынып, жұмыстар басталды.
2025 жылы Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен 18 нысан бойынша 23 инспекциялық шығу өткізіліп, 78 сынама іріктелді. Нәтижелері бойынша кемшіліктерді жұмыс тәртібінде жою бойынша шаралар қабылдануда.
Одан бөлек, жол құрылысы және жөндеу жұмыстары кезіндегі заңсыз іс-әрекеттерді жою және бюджет қаражатын тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, «Жамбыл-сапалы жол» жобасы бекітілді.
Жобада өңірдегі жол сапасын арттыруға байланысты келесідей шаралардың орындалуы қарастырылған:
- Сапаны бақылау тетігін күшейту;
- Мердігер мен техникалық қадағалаушының жауапкершілігін арттыру;
- Нысандарды кепілдік мерзімінде бақылау;
- Орын алған ақаулар бойынша жолды мердігер есебінен қалпына келтіру;
- Кепілдік мерзімдерін 2 жылдан 3 жылға ұзарту;
- Кепілдік мерзімі бар жолдардың сапасына тоқсан сайын тұрақты мониторинг жүргізу;
- Жөндеуге жоспарланған жолдарды алдын ала БАҚ-та хабардар ету.
Жалпы жол жөндеу жобаларының іске асырылу барысы Басқарманың тұрақты бақылауына алынған.
Жолаушылар көлігі саласына қатысты
Жамбыл облысы бойынша бүгінде 155 автобус маршруттары ұйымдастырылған, оның ішінде 13 маршрут облысаралық, 27 – ауданаралық, 72 – ауданішілік және ауылішілік, 43 – қалалық болып табылады.
Жалпы облыс бойынша 2025 жылы әлеуметтік маңызы бар 117 маршрутқа (43 қалалық, 8 ауданаралық, 63 ауданішілік, 3 темір жол бағыт) 6,8 млрд.тг. субсидия бөлініп отыр.
Басқарма тарапынан – облысаралық 13 маршрут, ауданаралық 27 маршрут ұйымдастырылған.
Ұйымдастырылған ауданаралық 27 маршруттың ішінде әлеуметтік маңызы бар 8 автобус маршруты бар.
Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар 3 темір жол маршруты танылған.
Аудан әкімдіктері тарапынан 16 тасымалдаушымен жалпы ауданішілік 72 маршрут қызмет көрсетуде.
Оның ішінде 63 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршруттар.
Тараз қаласына тоқталатын болсақ жолаушы тасымалдау қызметін 8 тасымалдаушы мекеме 43 автобус маршруты бойынша 437 автобуспен (күнделікті желіде 360 бірлік) көрсетуде.
Жалпы облыста /Тараз қаласын қосқанда/ 371 елді мекен бар. Оның ішінде, тұрғын саны 100 адамнан асатын 354 елді мекеннің қоғамдық көлікпен қамтылғаны 320-сы немесе 90,4%.
Бұл ретте, 2025 жылы Тараз қаласы және 2 аудан әкімдіктері тарапынан 10 жаңа автобус маршруттарын ашу жұмыстары жүргізілді.
Оның ішінде, 8 - ауданішілік және 2 қалалық бағыттары.
Оған қоса, 2025 жылы аудан әкімдіктері тарапынан 8 елді мекенді қоғамдық көлікпен қамтитын 4 автобус маршрутын ашу және Тараз қаласында қосымша 3 маршрут ашу жоспарлануда. /Байзақ– 2 маршрут (5 ем); Шу – 2 маршрут (3 ем); Тараз қ. – 3 маршрут/.
Автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстары бойынша ағымдағы жылы Тараз қаласына жалпы 15 бірлік жаңа автобустар жеткізілді.
Қосымша жыл соңына дейін, тасымалдаушы мекемелер тарапынан 45 бірлік жаңа автобус жеткізу жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев: Тарихқа деген көзқарас саяси ахуалдың ықпалында кетпеуі тиіс
- авторZhambylokq
- 1 маусым, 2025