Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті
ашық
2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау науқаны. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті талапкерлерге сапалы білім мен жарқын болашақтың кепілі бола алатын оқу орны екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Оқу орны 2025–2026 оқу жылына дайындық аясында жаңартылған білім беру талаптарына толық сай келетін, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға басымдық беріп, қабылдау науқанын бастады.

Университеттің  басты мақсаты – кәсіби құзырлы, бәсекеге қабілетті маман даярлау

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті прогрессивті даму қағидаларын ұстана отырып, білім беру жүйесіне үнемі заманауи жаңалықтар енгізіп келеді. Университет 53 бакалавриат және 24 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша жоғары сұранысқа ие мамандықтарда кадрлар даярлайды.

Қазіргі таңда оқу орнында 300-ге жуық профессор-оқытушылар жұмыс істейді. Олардың қатарында 12 ғылым докторы, профессорлар, 86 ғылым кандидаты, доценттер, 19 PhD докторы, 138 магистр бар.

 

Инфрақұрылым – білім беру сапасының іргетасы

Университет базасында заманауи оқу ғимараттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, спорт кешендері, жатақхана, Студенттер үйі және оқу-зертханалық корпустар бар. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары студенттер игілігіне берілген.

Ғылым мен тәжірибе бір арнада

   Университет құрамында «Агробиология», «Ветеринария және мал шаруашылығы», «Аквакультура» сынды ғылыми-зерттеу орталықтары табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы аясында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның мұрасы кеңінен насихатталып, «Қазақстанның Шерағасы» атты он томдық жинақ жарық көрді.

Халықаралық байланыс және мүмкіндіктер

Университет Түркия, Германия, Польша, Болгария, Қытай, Оңтүстік Корея секілді елдердің жоғары оқу орындарымен халықаралық серіктестік орнатқан. Академиялық ұтқырлық, бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасу бағыттары белсенді дамып келеді.

Әлеуметтік қолдау – дарынды жастарға жол ашу

2022 жылдан бастап «ХТУ-дың 100 гранты» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл бастама арқылы облыстың дарынды жастарына университетте тегін оқу мүмкіндігі беріліп отыр. Сонымен қатар, көпбалалы және әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлерге қолдау көрсетіледі.

Қорытынды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті – сапалы білім, заманауи инфрақұрылым және ғылыми жетістіктер тоғысқан орда. Университет ұжымы алдағы уақытта да жаңашылдық пен дамуға негізделген бағытынан таймай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жалғастыра береді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар