Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық
2025 жылдың I-ші тоқсанының қорытындысымен Байзақ ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 133,6%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 107,1%-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 102,2%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 536,1%-ды, ауыл шаруашылығы саласында өсім 116,6% құрады.

2025 жылға жоспарланған жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Нақтырақ айтқанда І тоқсан қорытындысымен инвестиция көлемі 10,2 млрд. теңге, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,4 есе ұлғайып отыр.

2025 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданға 17,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе ұлғаяды деп күтілуде.

Байзақ ауданы 2025 жылы аудан бойынша барлығы 38,4 млрд. теңгеге 122 инвестициялық жоба іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, 17,3 млрд. теңгесі жеке инвестиция үлесіне тиесілі болады. 170 жаңа жұмыс орны құрылады.

Ауыл шаруашылық саласында 2025 жылға жалпы құны 10,1 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге орындалған жобалар саны 7. Сонымен қатар қалған 61 жоба орындалу үстінде, жыл аяғына дейін орындалу жоспарлануда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес 218 адам жұмыспен қамту жоспарлануда.

Туризм саласы бойынша - 1 жоба. 500,0 млн. теңге – 15 жаңа жұмыс орны.

Аудан аумағынан «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді. Аудан аумағында Қостөбе қалашығы, Түймекент қалашығы, Қарасай петроглифтері, Байзақ датқа кесенесі бар. Аудан аумағында Қостөбе а/о аумағынан «Мухиев Е.» ЖК демалыс орталығын ашу жоспарлануда. Жоба құны 500 млн. теңге, қабылдау мүмкіндігі 400 адам.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 9 746. Оның ішінде, жұмыс істеп тұрғаны 8 933 немесе 91,3%. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2024 жылы «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 3,2 млрд. теңгеге 172 жоба қаржыландырылды.

2025 жылдың І тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімі, 9 млрд. теңгені құрады және ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысымен 18,7 млрд. тг. құрайды деп күтілуде.

2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы 54 441 га. алқапқа орналастырылған болса, 2025 жылы жалпы 56 500 гектар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) егістік алқабы игеріліп, дақылдар орналастырылды. Мәселен, 2025 жылдың I-ші тоқсанының қорытындысымен ауданда 7,9 мың тонна ет, 4,7 мың тонна сүт және1,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Аудан бойынша барлығы 1119 әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Көктемгі егіс-дала науқанына 858 техника қатысты. Жиналған мәліметтер бойынша 514 трактор, 206 соқа, 68 қопсытқыш, 58 дән сепкіш және 6 дана тұқым дәрілегіш техникалары жұмылдырылды.

2025 жылы аудан бойынша 15 шаруашылық жалпы құны 658,6 млн. теңге тұратын 21 жаңа техникалар сатып алды. Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 3,3% құрап отыр.

2024 жылы су үнемдеу технологиясы 7 302 гектарға енгізілді. 2025 жылға 12 100 га. алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланды. Бүгінгі күнге 1230 га. алқапқа тамшылатып, 250 га. жаңбырлатып, 650 га. алқап лазерлік жоспарлаушы қолданылды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несилендіру жұмыстары да атқарылуда. 2025 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалық жалпы сомасы 69,0 млн. теңге несиеге өтінім берілді.

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 8 шаруашылыққа 669,6 млн. теңге. Сонымен қатар, 4 шаруа қожалықтың 226,9 млн. теңгеге өтінімдері қаралуда.

2025 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін, 2024 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға арттыру жоспарлануда. Мал шаруашылығында ет 27,8 мың тн., сүт 30,0 мың тн., жұмыртқа 13,7 млн. дана өнім алу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін 6,5 пайызға жеткізу және ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемін 10,1 млрд. теңге тарту жоспарлануда.

Ауданда тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Жаңа массивтер мен көпқабатты үйлер бой көтеруде. 2025 жылдың І-ші тоқсанының қорытындысымен барлығы 8,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның көлемі 1 жартыжылдықта 15,5 мың шаршы метр, жыл қорытындысымен 39,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Осы орайда, 2024 жылы 60 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 1,6 млрд. теңге болатын 2 тұрғын үй сатып алынып, 2025 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарға пайдалануға берілді.

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 343 адам тұр. Жалпы, аудан бойынша 14 880 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр. 2025 жылы Сарыкемер ауылынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 40 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 60 пәтерлік 5 қабатты және 60 пәтерлік жеке тұрғын үй құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер есебінен 20 тұрғын үй бой көтеретін болады. 60 пәтерлік 6 көп қабатты үйлер құрылысына тиісті құжаттамаларымен бюджеттік өтінім ұсынылды, бұдан бөлек
60 пәтерлік 5 қабатты жоғарғы тұрған бюджеттерден қаржыландырылуы күтілуде.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ауданда бірқатар шаралар атқарылуда.

40 елді мекеннің 38 елді мекені ауыз сумен қамтылған, бұл 90,7 мың адам немесе 96,0% құрады.

Ағымдағы жылы 3 елді мекенде яғни Төрткөл, Жаңасаз және Қосақ ауылдарындағы М.Мәметова көшесін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде ағымдағы жылы аудан халқын таза ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жеткізілетін болады.

Аудандағы 40 елді мекен 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.

Аудан аумағында жалпы 139,0 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 397,6 шақырымды құрайтын 407 елді мекен көшелері орналасқан.

Аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 98%-ды, елді мекен көшелері 93%-ды құрайды.

«ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес «Сарыкемер-Мырзатай» бағытындағы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 303,1 млн. теңге қаржы қарастырылып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 38,4 шақырымды құрайтын 11 жоба 7 елді мекенді қамтып 45 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Нәтижесінде, аудан бойынша аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 99%-ды, елді мекен көшелері 95%-ды құрайтын болады.

Ауданда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысушылардың және жұмысқа жолданғандардың 2025 жылға жоспары 4 691 адам, бүгінгі күнге орындалуы 2 216 адам.

Жұмыс іздеуші ретінде қайырылғандар 2 829 адам. Тіркелген жұмыссыздар саны – 2 341 адам. Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 2 788 адамы бар 456 отбасы тұрады.

Мемлекеттік АӘК-ке бюджеттен 273,2 млн. теңге қаржы бөлінген. 2024 жылы 456 отбасының 2788 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасқа дейінгі 915 балаға кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындалды.

2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеміне 350,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 261 отбасының 1660 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
74,6 млн. теңге тағайындалды.

Ауданда 44 білім беретін мектеп, 52 мектепке дейінгі ұйым,
1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, 6 мектептен тыс мекеме және 1 колледж жұмыс істеуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, елімізде, соның ішінде жаңа, заманауи білім ошақтары бой көтеруде. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Сарыкемер ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.

2024-2025 жылы жаңа 2 мектеп құрылысы және Қосақ ауылындағы мектепке қосымша құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Ауданда үш ауысымдағы мектеп жоқ.

Аудан бойынша 44 емдеу мекемелері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аудандық емхана 250 тұрғынды қабылдауға арналған. Байзақ аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күнде барлығы 1 139 адам қызмет атқаруда.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, Дихан-2, Базарбай және Тегістік ауылдарына фельдшерлік-акушерлік тіректерінің және Қызыл жұлдыз ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылдың наурыз айында ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді.

2026 жылы аудан орталығы Сарыкемер ауылында 200 төсектік орынға арналған орталық аурухана құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, 4,5 га. жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Ауданда 287 спорт нысаны бар. 2025 жылдың І-ші тоқсанының қорытындысымен 104 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 11 742 адам қамтылды. 2024 жылы Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттен жалпы құны 44,9 млн. теңгеге 6 кіші футбол алаңы, 1 құрамдастырылған спорт алаңшасы қолданысқа берілді.

Сарыкемер ауылында сомасы 324,7 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жуық арада пайдалануға беру жоспарлануда. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 3 кіші футбол алаңы құрылысы, 3 кіші футбол алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары және 2 балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 48 мәдениет нысандары халыққа қызмет көрсетеді. Мәдениет ошақтарында 2025 жылы 235 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 33 720 адам қатысты. Ағымдағы жылғы маусым айының 1-ші он күндігінде Мырзатай ауылынан 120 орындық ауылдық клуб ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілетін болады.

Жастарды әлеуметтендіру жайы назардан тыс қалмайды. Ауданда 27 724 жас бар. 2025 жылдың I-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,2%-ды құрады. 2025 жылы I-ші тоқсанында 464 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Ауданда өзекті мәселелер мен қолға алынған ілкім істер ауданның 3 жылдық даму картасында айқын көрсетілмек. Осыған орай нақты әрі тиісті жұмыстар алда да атқарылмақ. 2025 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі әлеуметтік көрсеткіштері атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 101,0 %-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 101,4 %-ға, өнеркәсіп өнімінің көлемі 102,7%-ға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 164,1%-ды құраса, ауыл шаруашылығы саласында өсім 107,5%-ды, сауда саласында бөлшек сауда 103,2 %-ды, құрайды деп күтілуде.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3-наурыздағы №826  Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері және азаматтарды жеке қабылдауы көзделген. Осыған орай, 2025 жылдың 5 айында ауданда 15 кездесу өткізілді. Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлерлерді жүзеге асыру - кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар