Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 25 маусым, 2025
- 4

Қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіптің нақты көлем индексі 97,4%-ға орындалып, алдағы айда 100,0%-ға орындалуы күтілуде.
2025 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы өнеркәсіп құрылымы:
Аудан аумағында тау кен өндірумен айналысатын «Қалнұр» ЖШС және "ЖамбылДормоСтрой Сервис" ЖШС.
Аудандағы өңдеу өнеркәсібіне әсер етуші «Бурный сүт зауыты» ЖШС сүтті қайта өңдеумен айналысады.
Тоқсандық есеп тапсыратын 8 кәсіпкер «Ақмол 2025» ЖШС, «СМТС» ЖШС, «LF company» ЖШС, «Алико сүт» ЖШС, ЖК «Олжа», «Бурный ірімшік зауыты» АШӨК, «Бақдаулет» АШӨК, «Алатау сүт өнімдері» АШӨК.
Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 101,5%-ға орындалды, оның ішінде: мал шаруашылығына 101,5% болса, Ал өсімдік шаруашалығы 100,0% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция қаңтар-мамыр айларында 110,3%-ға орындалып отыр.
Қаңтар-маусым айларына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 100.0%-ға орындалуы күтілуде.
Жалпы сауда айналымы 2024жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артып отыр, оның ішінде:
- бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 108.7%-ға орындалды
- көтерме сауда айналымының нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 97,7,%-ға орындалып, меже 105,0% орындалу күтілуде.
Құрылыс көлемі қаңтар-мамыр айларында нақты көлем индексі 143,3%-ды құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі қаңтар-мамыр айларында 7608 шаршы метрді құрап, 102,9%-ға орындалды. Қаңтар-маусым айларына тұрғын үй көлемін 9234 шаршы метр немесе 101,4%-ға орындау күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
- авторZhambylokq
- 23 маусым, 2025