Т.Рысқұлов ауданының қаңтар-мамыр айының қорытындысымен әлеуметтік экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылуы
- author Zhambylokq
- 21 шілде, 2025
- 41

2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артты. 2025 жылы 765 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр. Оның 33%-ы бюджет қаражаты, 67%-ы жеке инвестиция есебінен жүзеге асады.
Қазіргі таңда коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 40 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Оның ішінде 30 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағы азаматтар. 2025 жылы осы азаматтарды тұрғын үймен қамтуға 36 млрд теңге қарастырылып отыр. Соның нәтижесінде 3 445 отбасы баспаналы болады.
Бүгінгі күнге бюджет есебінен 8 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 420 пәтер ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, жаңа жобалар іске асырылады.
Бұдан бөлек, республикалық бюджет пен облигациялық қарыз қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 1 415 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үйге аса мұқтаж отбасылардың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.