Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАМАҚТАН УЛАНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ТАМАҚТАН УЛАНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
ашық
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің негізгі бағыттарының бірі облыс тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. Тамақтан улану дегеніміз – табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын ауру. Тамақтан уланулардың негізгі белгілері: жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы.

Тағамдық уланулардың түрлері, жіктелуі: этиологиялық принцип бойынша тағамнан улану: микробтық, микробтық емес және этиологиясы анықталмаған  тағамнан улану болып бөлінеді.                 

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары талдау жүргізіп, жедел ішек инфекцияларымен сырқаттану жағдайларының 78% астамы жеке гигиенаны сақтамаумен және үйде дайындалған өнімдермен байланысты екенін анықтады.

          Жалпы профилактикалық іс-шаралар үш ережеге негізделген:

1. бактериялармен жұқтырылуының алдын алу (жеке гигиена ережелерін сақтау арқылы қол жеткізіледі);

2. бактериялардың көбеюінің алдын алу (тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтаудың температуралық жағдайларын қамтамасыз ету);

3. бактерияларды жою және олардың токсиндерін жою (тағамды термиялық өңдеу).

Алдын алу шаралары:

- сатып алу кезінде өнімнің шығарылу күні мен сақтау мерзімін, қаптаманың тұтастығын тексеріңіз;

- есіңізде болсын, тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақ дайындау кезінде гигиена қағидаларын және тағамды дұрыс сақтау әдісін білу қажет;

- тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аударыңыз. Өнімнің консистенциясының өзгеруі мен оның бетінде шырыштың пайда болуы оның бүлінгендігінің белгісі болуы мүмкін. Көгерген тағамдарды, бүлінген көкөністер мен жемістерді, ісінген консерві банкасы мен пакеттегі шырындарды  немесе ашыған сүт өнімдерін өкінбестен тастаңыз;

- пісірілген тағамдарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды;

- белгісіз адамдардан, белгіленбеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз, әсіресе бұл тез бұзылатын тамақ өнімдеріне қатысты: сүт, сүзбе, қаймақ, үйде дайындалған кез-келген тамақ өнімдері;

- тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз, себебі бұл бактериялар мен токсиндердің жиналуына әкелуі мүмкін.

Жоғары температура адамдарға кері әсер ететіні белгілі.

Әсіресе балалар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер мен жүрек-тамыр аурулары бар науқастар ыстыққа көбірек бейім және өте сезімтал болып келеді.

Жалпы, күн өтудің үш деңгейі бар:

Жеңіл – зардап шеккен адамның бойында әлсіздік болып, бас ауырады, жүрегі айниды. Сондай-ақ жүрегі қатты соғып, көз қарашығы ұлғаюы мүмкін.

Орта – адамның аяқ астынан дене қызуы көтеріледі, басы ауырып, жүрегі айниды, басы айналып, құлағы шыңылдайды. Сонымен қатар жүріс-тұрысы бұзылып, көзі қарауытады, есінен танып, мұрнынан қан кетуі де мүмкін.

Ауыр – аяқ астынан асқынады. Зардап шеккен адамның беті ысып, қызарады да, артынша сұрланады. Бет терісі мен шырышты қабықтары сұрғылт-көк түске немесе қою көкке боялады. Бұл қан айналымының бұзылғанын білдіреді. Дене температурасы 41-42 градусқа дейін көтеріледі. Осы күйде зардап шеккен адам галлюцинация көріп, сандырақтауы мүмкін. Есінен танып, тіпті комаға да түсуі мүмкін.

          Ыстықтан қорғану бойынша ұсыныстар:

- көп су ішіңіз;

- жеңіл, ашық түсті киім киіңіз;

- аптап ыстықта физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз;

- бас пен көзді қорғаңыз;

- үй ішін салқын ұстаңыз;

- денеңізді мүмкіндігінше салқындатып жүріңіз;

- дұрыс тамақтаныңыз;

- алкоголь мен кофеиннен аулақ болыңыз;

- әрдайым жалпы жағдайыңызға назар аударып жүріңіз;

- дәрменсіз адамдарға көмек көрсетуді ұмытпаңыз.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар