Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ашық
2025 жылдың 6 айында Жамбыл облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 742 өтініш келіп түсті, бұл 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 214 өтінішке артық. Өтініштер санының өсуі 40.5% құрады. Оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 580 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 135 өтінішке артық (2024 жылдың жарты жылдығында 445 өтініш түскен).

2025 жылдың 6 айында Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың өтініштері бойынша бизнес субъектілеріне 101 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде сауда саласында 78 тексеру (Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асыруы), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 23 тексеру (тұтынушының шағымына жауап бермеу және тиісті сападағы тауарды айырбастау-қайтаруды қамтамасыз етпеу). Тексеру нәтижесінде 89 бұзушылық анықталды. Бұзушыларға 89 әкімшілік жаза қолданылды, оның 44-і ескерту түрінде, 35-і жалпы сомасы 1228,8 мың теңгеге айыппұл түрінде жаза қолданылды, сондай-ақ 6 профилактикалық бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар