Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 6 АЙЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 6 АЙЛЫҚ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ
ашық
Осы брифингтің мақсаты – өңірде экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерімен таныстыру болып табылады. Қаржылық мониторинг органдары Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасын еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы белсенді түрде іске асырып келеді.

2025 жылдың 1 жартыжылдығында өндірісте 42 қылмыстық іс қаралды. Олардың ішінде 26 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі Департаментпе нағымдағы жылы тіркелді.

          14 қылмыстық іс сотқа жолданды немесе ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

          Анықталған залал көлемі 476 миллион теңгеден асты. мүлікке тыйым салу қоса алғанда 377 миллион теңгеден астам өтілді (өтемнің сомасы 79,2%-ын құрайды).

          Мемлекет кірісіне өткізілген халық тұтыну тауарлары мен жанар-жағар май материалдарының жалпы құны 413 миллион теңгеден асты.

          Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген жоқ.

Қызмет бағыттары:

          Экономикалық тергеп-тексеру қызметі 2014 жылдан бері өз жұмыс жолын бастап, осы уақыт ішінде экономикалық қылмыспен күрес бойынша мол тәжірибе жинақтады.

Экономикалық қылмыстың жаңа түрлерінің пайда болуы және олардың жоғары технологиялар мен цифрландыру құралдарын пайдалану арқылы эволюциялануы, қаржылық мониторинг органдары алдына жаңа талаптар мен сын-қатерлер қойып отыр. Бұл мәселелер тиімді шешулуіде.

Қазіргі уақытта Агенттік пен Департамент жыл сайын әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылған заңсыз ойын бизнесі деректерін анықтауда; жүздеген миллион теңге айналымы бар жасырын криптоайырбастаулар жабылуда; мессенджерлер мен интернет-ресурстар арқылы жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының қызметі тоқтатылуда.

          Сонымен қатар, бюджет саласындағы, сондай-ақ көлеңкелі экономикадағы дәстүрлі экономикалық қылмыс түрлеріне қарсы күрес те қатар жүргізілуде.

          Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметтің нәтижелерімен толығырақ Департамент басшысының орынбасары Рахметов Нұрбол Жолдасұлы таныстырады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар