Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ  1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ашық
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында Департаменттің негізгі мақсаттары ол тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.

Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 59 түрін көрсететін 39 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:

  • сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 20 ТМС;
  • сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 10 ТМС
  • табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
  • суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 1 ТМС;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 18 ТМС;
  • кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 8 ТМС;

- электр энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтері – 1 ТМС.

2025 жылдың басынан бері Департаментке 19 табиғи монополиялар субъектілерінен 50 тарифті бекітуге 50 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі тұралы 2 хабарлама келіп түсті.

Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 50 өтінім бойынша 17 тариф бекітілді, 2 өтінім бойынша қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағасы келісілді, 9 өтінім бойынша қараудан бас тартылды, 20 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылды,                7 өтінім қаралуда.

Бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2024 жылы 2 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 346 344,96 мың теңгені құрады:

«Казфосфат» ЖШС-не – 185 787,52 мың теңге;

«Жамбыл су» КМК-на – 160 557,44 мың теңге.

Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.

Жоғарыда айтылғандай, Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау.

Бұл бағытта 2025 жылдың 6 айында Департамент тарапынан 4 табиғи монополия субъектісіне қатысты 4  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жалпы сомасы 9 830 000 теңге көлемінде айыппұл салынып мемлекет пайдасына өңдірілді.

Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 1 табиғи монополия субъектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп, оның 1 заң бұзушылықтар анықталды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 1 нұсқама енгізілді, қазіргі таңда орындалу барысында. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, Департаментпен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру»;

2) «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру»;

3) «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру»;

4) «Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару»;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы        5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес, Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

2025 жылдың 6 айында Департамент 11 мемлекеттік қызмет көрсетті:

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» - 0;

«Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру» - 0;

 «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» - 1;

«Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару» - 10.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны – 0.

Бүгінгі күнге атқарып жатқан ен маңызды жұмыстың бірі ол тұтынушылардың  назарына табиғи монополиялар субъектілерінің жасап жатқан жұмыстарының, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың орындалуын, сол жұмыстардың нәтижесін жеткізу және Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен               2025 жылдың басынан бастап депутаттардың, «Amanat» партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестігінің, бұқаралық – ақпарат құралдарының өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен  52 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді, оның ішінде 6 – тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы, 6 – Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтардың жеке қабылдауы,  13 – жария тыңдау,                      10  – семинар, 2 – дөңгелек үстел, 2 – брифинг, тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы табиғи монополиялар саласындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 13 отырысы өткізілді.

Сондай-ақ, тұтынушыларды атқарылып жатқан жұмыс және қабылданған шешімдер бойынша хабардар ету мақсатында Департамент қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс жүргізілді: барлығы 245 материал жарияланып, сұбхаттар берілді, оның ішінде газеттерде – 21, Комитеттің  сайтында – 90, «Jambyl» облыстық телеарнасында 3 және радиода – 13 сұхбаттар, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде - 118.

2025 жылдың басынан бері Департаментке 739 құжат келіп түсті,  оның 182 бақылауға алынған, шығыс құжаттың саны – 658, барлығы белгіленген мерзімде орындалды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 6 айында Департаментке 110 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті,  жеке тұлғалардың – 79 (72%), заңды тұлғалардың өтініші – 31 (28%), оның ішінде 85 – өтініш (77%),           1-шағым (1%), 24 – басқалар (22%).  Өтініштердің қаралу нәтижелері бойынша   61 - қаралды,  26 -  қаралуы тоқтатылған,    21 – басқа мемлекеттік органдарға жолданған, қаралуда – 2.  Барлық өтініштер тиісті мерзімде қаралды, мерзімі өтіп кеткен немесе орындалу мерзімдері сақталмаған немесе  қайта түскендері болған жоқ.

Департамент жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қоса, әрі қарай табиғи монополия субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, тарифтік саясатты жүзеге асырады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар