ӘЛЕМ БОЙЫНША 250 МЛН АДАМДЫ ТАҒАММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП ОТЫРҒАН ЖАМБЫЛДЫҚ ӨНДІРІС
- author Zhambylokq
- 8 тамыз, 2025
- 26

Компания өңірдің инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып, білім беру, денсаулық сақтау және көлік салаларына қомақты қаржы бағыттап келеді. Ауқымды жоба үш негізгі кезеңнен тұрады:
1.Тау-кен байыту комбинаты – 2016 жылы іске қосылды, фосфор концентратын өндіреді.
2.Күкірт қышқылын өндіру цехы – құрылысы биыл аяқталуға жақын.
3.Химия зауыты – фосфор концентратын газдандыру бойынша ұлттық жоба аясында салынып жатыр. Қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Тек 2023 жылдың өзінде компания әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілерді, жолдарды, білім беру және медициналық мекемелерді салу мен жөндеуге 27 млн АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.
«Даму — бұл өнеркәсіптік өсім мен халықтың әл-ауқаты арасындағы тепе-теңдік. Біз жұмыс істейтін өңірлерде әлеуметтік міндеттемелерімізді толық орындаймыз», – деді “ЕвроХим” компаниясының Қазақстандағы бас директоры Георгий Юрьевич.
Бұл қаражат есебінен Сарысу, Талас аудандарында және Тараз қаласында ондаған әлеуметтік нысан жаңартылды. Олардың қатарында мектептер мен балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт кешендері мен медициналық мекемелер бар. Сондай-ақ жолдар мен инженерлік желілер жөнделіп, жаңа білім беру, спорт және денсаулық сақтау нысандары салынды.
“ЕвроХим” өз қаржысы есебінен де әлеуметтік бағыттағы ондаған жобаны іске асырады: ауылдарды абаттандыру, жабдықтар, автокөліктер мен құрылыс материалдарын жеткізу, заманауи медициналық құрылғылар орнату. Олардың ішінде УДЗ аппараттары, қан қысымын өлшеу құрылғылары және өмірді қамтамасыз ету жабдықтары бар.
“ЕвроХим” АҚ – минералдық тыңайтқыштар өндірісінің әлемдік көшбасшысы. Соңғы 10 жылда компания өндірісін дамытуға 4 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйды.
Өнімдері 100-ден астам елге экспортталады және әлем бойынша 250 млн-нан астам адамды тағаммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кітапханаларды цифрландыру: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу
Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – экономикалық өсудің кепілі
- авторZhambylokq
- 10 тамыз, 2025