Кітапханаларды цифрландыру: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу
- author Zhambylokq
- 9 тамыз, 2025
- 92

Облыстық кітапханалар 1 220 компьютермен толық қамтамасыз етілген, оның 939-ы аудандық кітапханаларда орнатылған. Бұл компьютерлер мен Web-РАБИС, РАБИС, RWБИС, АИС-СБРК және КАБИС сияқты заманауи бағдарламалар кітап қорларын сандық форматқа көшіріп, оқырмандарға қолжетімділікті жеңілдетуде. Мұндай жүйелер кітапханалардың тиімділігін арттырып, қызмет көрсету процесін жеделдетеді.
Облыста цифрландырылған ақпараттық орталықтардың ашылуы – тағы бір маңызды қадам. Қазіргі таңда 186 ақпараттық орталық жұмыс істейді, оның 5-і Тараз қаласында, ал 181-і 139 ауылдық округте орналасқан. Бұл орталықтар арқылы тұрғындар eGov.kz порталы арқылы 25 түрлі мемлекеттік қызметті онлайн ала алады. 2024 жылы орталықтар 223 111 анықтама берген. Ең көп сұранысқа ие анықтамалар: зейнетақы жинағы (3 021), сотталмағандығы туралы (5 992) және жылжымайтын мүлікке қатысты (1 527). 2025 жылдың алғашқы екі айында 10 152 анықтама берілді, бұл цифрландырудың халыққа тигіз