Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау барысы

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау барысы
ашық
Бұл туралы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы баяндады

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) лицензиялау енгізілді,

Лицензиялау көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, мүгедектігі бар адамдарды және көрсетілетін қызметті алушылардың өзге де санаттарын әлеуметтік оңалтудың тиімділігін көтеру үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.

Лицензия алмай арнаулы қызметтер көрсетуге заңмен тыйым салынған.

Лицензиялаудың екінші міндеті – қызмет көрсетуді жан басына шаққандағы тариф бойынша қаржыландыру. Яғни, әлеуметтік қызметкерлер нақты айлыққа емес, көрсеткен қызметінің көлеміне қарай ақы алатын болады.

Жамбыл облысында бүгінгі күні 38 арнаулы қызмет көрсететін ұйымдар лицензияланды, оның ішінде 26-сы Мемлекеттік мекемелер болса, 12-сі үкіметтік емес ұйымдар. Жалпы қызмет алуышылардың саны 4317 адам.

Лицензия алған ұйымдардың 7-сі толық стационар, 15-і жартылай стационар, 4-і уақытша болу, 14-і үй жағдайында қызмет көрсететін ұйымдар.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар